Үндістанның астанасы Делидегі спорт қалашығында ірі өрт болды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Достастық елдерінің болашақтағы Ойындарына арналып Үндістанның астанасы Делиде салынып жатқан спорт қалашығында болған өрттен кемі бір әйел мерт болды және 12 адам жарақаттанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Өрт құрылысшылар тұратын тұрғын үйлер орналасқан мәхаллада шыққан. Екі апта бұрын өрт осы жерде регби үшін салынып жатқан стадионда шыққан болатын. Билік құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауға асығуда, алайда кейбір спорт нысандары кешіктірілуде. Достастық елдерінің Ойындары биылғы жылғы қазанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар