08:07, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Үндістанның шығысында теміржолда болған бомба жарылысының салдарынан қаза тапқан жолаушыларының саны 15 адамға жетті
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысында теміржолда болған бомба жарылысының салдарынан апатқа ұшыраған пойызда мерт болған жолаушыларының саны 15 адамға жетті,
![None None](/static/img/plug.webp)
тағы 50-ге жуық адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Бұған дейінгі ақпараттарда, ең аз дегенде 5 адамның қаза тауып, 35 адамның жараланғаны айтылған еді. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 01.30-да болған. "Гьянешвари Экспресс" пойызының локомотиві мен 13 вагоны жолдан шығып кетіп, оларға екініш жолда келе жатқан тауарлы пойыз соғысқан.
Пресс Траст Оф Индиа агенттігінің хабарлауынша, пойыз Мумбайдан Колкатаға (бұрынғы атауы Калькутта) бара жатқан. Апат Колкатадан 130 шақырым жерде орын алған.