Үндістанның солтүстік-шығысында ток соғып, 15 адам мерт болды

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында бейсенбі күні ток соғып, 15 адам қаза тапты.

Үндістанның  солтүстік-шығысында  ток соғып, 15  адам   мерт болды

Тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС жергілікті полиция өкілдеріне сілтеме жасап.

Кейіннен анықталғандай, 50-ге жуық адам мінген жүк көлігінің үстіне үзілген электр сымы құлап кеткен.

Құқық қорғау органдарынан хабарлағандай, қазір осынау қайғылы оқиғаға әкелген себептерді анықтау жөніндегі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.