Үндістанда түнгі клубтағы өрттен 25 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның батысындағы танымал туристік аймақта болған қайғылы оқиғаның себептерін тергеу барысында аталған клубтың лицензиясы болмағаны анықталды, деп хабарлайды .
Гоадағы адам көп жиналатын түнгі клубта шыққан өрт салдарынан кемінде 25 адам қаза тапты.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт сенбіден жексенбіге қараған түні түн ортасынан кейін Арпора ауылындағы қонақүй ішінде орналасқан түнгі клубта тұтанған. Бұл жерде жиі кештер ұйымдастырылады.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі парақшасында көңіл айтты.
The fire mishap in Arpora, Goa is deeply saddening. My thoughts are with all those who have lost their loved ones. May the injured recover at the earliest. Spoke to Goa CM Dr. Pramod Sawant Ji about the situation. The State Government is providing all possible assistance to those…
— Narendra Modi (@narendramodi) December 7, 2025
Гоа штатының басшысы Прамод Савант бұған дейін X желісінде бұл күнді «Гоадағы барша тұрғындар үшін өте ауыр күн» деп атады. Кейін ол «25 адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алғанын» нақтылады.
Today is a very painful day for all of us in Goa. A major fire incident at Arpora has taken the lives of 23 people.
— Dr. Pramod Sawant (@DrPramodPSawant) December 6, 2025
I am deeply grieved and offer my heartfelt condolences to all the bereaved families in this hour of unimaginable loss.
I visited the incident site and have…
Шенеуніктің айтуынша, қаза тапқандардың қатарында қонақүй қызметкерлері мен үш-төрт турист бар, олар түтінге тұншығып көз жұмған. Туристердің арасында шетел азаматтары болған-болмағаны нақтыланбады.
Ол бұл жағдайды «туристік маусым қызған шақтағы аса өкінішті оқиға» деп атап, клубта өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылғанын мәлімдеді.
Штат билігінің пікірінше, бұл қайғылы оқиға мекеменің лицензиясыз жұмыс істегені салдарынан болғанын және осындай салғырттық өртке әкеліп соққан.
Жергілікті ауылдық кеңестің өкілі билік органдары бұған дейін клубты үкіметтен лицензиясы болмағаны үшін бұзу жөнінде өкім шығарғанын, алайда бұл бұйрықтың орындалмағанын хабарлады.
Ақпарат агенттігінің дерегінше, түнгі клуб өте тар көшеде орналасқандықтан, өрт сөндіру қызметі көліктерін шамамен 400 метр қашықтықта қоюға мәжбүр болған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл өртті сөндіру жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтірген.
Жергілікті әкімшілік басшысы қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтау және «өрт қауіпсіздігі ережелері мен құрылыс нормаларының сақталған-сақталмағанын» тексеру үшін тергеу жүргізуге пәрмен бергенін айтты.
— Кінәлілер заң алдында жауапкершілікке тартылады, кез келген салғырттық қатаң түрде жазаланады, — деді ол.
Айта кетелік Үндістан барлық смартфонға мемлекеттік қосымша орнатуды міндеттеді.