Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан армиясының өкілі Ахмед Шариф Чодридің айтуынша, 57 адам жарақат алған, деп хабарлайды ВВС.

Пәкістан Премьер-Министрі Шехбаз Шариф бұған дейін Үндістанның соққысын «жазасыз қалмайтын жиіркенішті агрессиялық әрекет» деп атаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Пәкістан Үндістанның соққылары бейбіт ауылдар мен мешіттерге тиіп, 26 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Көз жұмғандар ішінде балалар да бар. Қазір қаза тапқандар саны 31 адамға жетті, ал 57 адам жарақат алды.
Бұған дейін Үндістан Пәкістан бақылауындағы Джамму және Кашмир аймақтарына соққы бергенін және бұл аумақтарда Үндістанға қарсы лаңкестік шабуылдар жоспарланып, басқарылған «террористік инфрақұрылым» орналасқанын мәлімдеген еді.
Үндістан Пахалгамдағы терактіден кейін Пәкістанға қарсы шаралар жариялады.
Үндістан мен Пәкістан соққыларын күшейте түсті.
Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.