UNESCO бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтетін Астана халықаралық форумына қатысу үшін UNESCO-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
None

Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, UNESCO-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді.

Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, UNESCO және ICESCO істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады.


Соңғы жаңалықтар