Универсиада-2017: Горичева күміс жүлдегер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайбэеде өтіп жатқан жазғы Универсиадада ауыр атлетшілер 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды Sports.kz.

Универсиада-2017: Горичева күміс жүлдегер

Алтын медальді тайбэялық Ван Тин Хун, ал күміс жүлдені қазақстандық спортшы Карина Горичева, «қоланы» - КХДР-дің намысын қорғаған Чон Ён Хю жеңіп алды.

Жазғы Универсиада-2017. Қытайлық Тайбэй. Ауыр атлетика.

Қыздар. 69 келіге дейін.

1. Ван Тин Хун (Қытайлық Тайбэй) - 227 (97+126)

2. Карина Горичева (Қазақстан) - 226 (108+118)

3. Чон Ён Хю (КХДР) - 218 (97+121).