Универсиада ойындарының соңғы жарыс күнінің кестесі
7 ақпан күні еліміз қоржыны бес медальмен толықты. «Алтын», «күміс» және «қоланы» биатлоншылар - Галина Вишневская, Роман Еремин және Антон Пантов сәйкесінше жеңіп алды. Сондай-ақ қола медальдарды шаңғышы Анна Шевченко, шорт-трекші Денис Никиша алып келді.
Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы осы күнге дейін барлығы 34 медаль еншіледі, оның 11 - алтын, 7 - күміс және 16 - қола. Бірінші орында 68 медальмен Ресей тұр (27-26-15). Үздік үштікті 21 медальмен Оңтүстік Корея тұйықтауда (11-5-5).
Назарларыңызға 8 ақпан - соңғы жарыс күнінің кестесін ұсынамыз:
Спорт түрі: Шайбалы хоккей - ерлер.
Өтетін орны - «Халық Арена»
Басталуы - 11:00. Канада - Чехия, қола үшін матч
15:00. Қазақстан-Ресей, финал
Спорт түрі: Шаңғы жарысы - ерлер.
Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Басталуы -10:00. Масс-старт 30 км. Медальдар ойнатылады.
Осы күні сондай-ақ, «Алматы Арена» мұз кешенінде сағат 19.00-де Универсиада ойындарыныңжабылу салтанаты өтеді.