Универсиадада ел намысын қорғаған спортшылардың алғашқы легі оралды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тайбэйде өткен Жазғы Универсиадада ел намысын қорғаған спортшылардың алғашқы легі оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы әуежайында спортшыларды жанкүйерлер, БАҚ өкілдері, туысқандары ду қол шапалақпен қарсы алды.

Олардың арасында Ауыр атлетикадан чемпиондар Денис Уланов, Айдар Қазов, Альберт Линдер бар.

«Универсиадада көрсеткен өнеріме көңілім толады. Старт бойынша қарсыластарымды мүлде білмедім. Бірақ, бір орын алатыныма сенімді болдым», - деді жазғы Универсиада ойындарының чемпионы, Қазақ Спорт және туризм академиясының студенті Альберт Линдер.

null 

Байрақты бәсекеде таэквандодан сайысқан Женсель Дениз Универсиададан алған тәжірибесімен бөлісті.

Түркияда туған қазақ қызы Жансель Тайбэйде өткен жазғы универсиадада күміс жүлде әкелген болатын.

«Мен финалда өте мықты қарсыласпен, Азия чемпионымен шықтым. Шешуші кезеңде басты рөлді тәжірибе ойнап кетті. Бірақ бұл айқаста мен өзіме керекті тәжірибе жинақтадым. Болашақта ол мені жеңістерге жетелейді деп сенемін», - деді Жансель.

Айта кету керек, Тайбэйде өткен универсиада ойындарында таэквандодан ерлер командасы ерекше көзге түсіп, жалпы есепте 3-орынға табан тіреді.

Тайбэйде өткен XXIX жазғы универсиадада қазақстандық зілтеміршілер Денис Уланов (85 кг), Айдар Қазов (77 кг) , Альберт Линдер (69 кг) үздік шығып, алтын медаль алған болатын.

Жалпы алғанда Қазақстан құрамасының қоржынында 14 медаль, оның ішінде 3 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар