Университет жанынан ұлттық тәрбие орталығы құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының жанынан құрылған ұлттық тәрбие орталығының ашылу салтанаты болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байзақ Момынбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың лентасын қиды. Бояуы қанық ұлттық тәрбие жеке тұлға қалыптастыруға септігін тигізеді. Болашақта Қазақстанды өркендетер жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту, еліміздің нағыз ұлтжанды, рухшыл азаматтарын тәрбиелеу, жастардың туған еліне, тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында құрылған бұл тәрбие орталығының шапағаты көп болары анық.
Соңғы жаңалықтар