11:40, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Университетте «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді
ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған барлығы он бір ару қатысып, төрт кезеңге созылған сұлулық бәсекесінде сынға түсті. Олар өздерін таныстырып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, мақал-мәтелдерін қаншалықты білетіндігін көрсетті.
Ана тілді ардақтау мақсатында ұйымдастырылған сайыс қорытындысында Әйгерім Орынғалиева бас жүлдені жеңіп алды. Енді ол республикалық байқауға қатысатын болады.