Университеттер мен мектептер діннен бейтарап кеңістік болу керек – ғалым

АСТАНА. KAZINFORM – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында Ата заңның жаңа жобасында білім орындарын діни идеологиядан ажырату не үшін керек болғанын айтты.

са
Фото: Алматы әкімдігі

- 33-баптағы рухани білім ордаларынан басқа оқу орындарында білім беруді ұйымдастырудың зайырлы сипаты туралы 5-тармағының жаңа нұсқасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл мәтіндік тұжырым діннің мемлекеттен бөлектігі қағидасына толықтай сәйкес келеді, - деді ол.

Ғалым білім беру жүйесі үшін мұның іргелі мәні бар екенін айтады.

- Университеттер мен мектептер ғылымның, білімнің және әрине, академиялық еркіндіктің кеңістігі болып қалу керек. Мұндай тәсіл студенттерді қорғайды, бейтарап білім ортасына сақтайды және идеологиялық қысымның қатерін төмендетеді, - деген ғалым Конституцияның бұл нормалары бүкіл ғылыми қауымдастықтарды, өңірлердегі ғылым мен білім саласының өкілдерінің талқысы арқылы әбден пісіп-жетілгенін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа Конституцияның жобасын түрлі мекемелер, ұжымдар талқылап жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар