ҰОС ардагері А.Подопригора: Біз әлі қатардамыз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлты Отан соғысының қатысушысы Подопригора Александр Александрович ҚазАқпарат тілшілеріне 69 жыл бұрын болған 20-ғасырдың ең қайғылы оқиғасының естеліктерімен бөлісті.
"Жастармен ой бөліскенді ұнатамын. Сендерге қарап отырып өміріміздің жай өтпегенін, өзіміздің жанымызды шүберекке түйіп соғысуға бекер шықпағанымызды түсінесің. Төрлетіңіздер, жайғасып отырыңыздар", - деді кеудесі орден мен медальға («Отан Соғысының 1 дәрежелі» ордені, «3дәрежелі Даңқ» ордені, «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі, «Германияны жеңгені үшін» және «Будапештті алғаны үшін» медальдары) толған ардагер.
«Содан бері көп жыл өтті, бәрі есімде жоқ. Соғыс басталды дегенді естігенде мен он сегізге де толмаған едім. Біз Степногорсктың жанындағы Ақсу кен орнында тұрдық. Бұрын ол Сталин атындағы кен орны деп аталатын. Мен 1923 жылы Украинада Кировоградта туыппын. Ал 1932 жылы ата-анаммен Қазақстанға келдім. Кен орнында орыс және қазақ мектебі болды. Бәріміз өте жақсы достасып кеттік. Жастар өте белсенді болатын, мықты комсомолдық ұйым болды. Сол кездің өзінде бізді соғыс бола қалған жағдайда жеңу керекпіз деп үйретті. Соғыс басталған жылы біз тоғызыншы сыныпты аяқтағанбыз. Александр Ткаченко деген жолдасым екеуіміз майданға барамыз деп шештік. Оның әпкесі кен ошағының кеңесінде жұмыс істеді. Ол біздің жасымызға бір жылдан қосып жазғызды. Ұрыс даласында жүргенімізде осылай жасағанымызға еш өкінген жоқпыз», - деп бастады өз әңгімесін Александр Александрович.
Ардагердің сөзіне қарағанда, кейін оларды осы күнгі Ақкөлге апарған. «Онда мектеп болды. Ол қазір де бар, жақында мен сонда болдым. Ақкөлден бізді пойызбен Алматыға жіберді. Айтылған орынға келгенде бізді жаяу әскер училищесіне жіберді. Қанша дегенмен ол кездің тоғыз жылдық білімі жақсы болатын», - деп атап өтті ол.
Үш айдан кейін жас сарбаздарды кенеттен көтеріп, жаудың Мәскеуге жақындағынын хабарлап, оқуды дереу аяқтаған. «Бізге сержант деген атақ берілді. Ал бізге берілу керек офицерлік атақты майдан даласында көрсетесіңдер деді. Мәскеу маңындағы қалаға келгенде біз жағдайдың өте қиын екенін түсіндік. Бір-бірімізді ауыр жұмыс істеуге, ауыр ұрыстарға қатысуға итермеледік. Түсінесіз бе, оқып жүрген кезде бізге үнемі жеңетінімізді айтты және соған біз сендік. Бірақ оның бәрін соғыста қайта ойдан өткізесің. Өзіңнің жолдастарыңның өмірі қиылғанын көргенде, жауды көргенде оны өлтірмесең, өзіңнің жау қолынан өлетініңді ойлайсың. Бәрі қарапайым - өмір сүргің келсе, өлтіру керексің. Бір жарым айдан кейін мен жараландым. Медсанбатқа түстім. Онда хирургтермен басқа соғыс басталды. Мен қатарға қосылғым келді, бірақ мені ташкентке жіберді. Госпитальда 1942 жылдың ортасына дейін жаттым. Кейін Орловско-Курск доғасына майданға атандым. Тағы жараланып, қайтадан госпитальға түстім. 1944 жылы мені босатып, қайта ұрысқа аттандым. Украинаны, Бессарабия, Болгария мен Австрияны азат етуге қатыстым. Сол жерде соғыстың аяғында сонда болдым. Қуанышта шек болмады, сол күн қазіргідей есімде. Бәрі қуаныштан жар салып, құшақтасып жатты», - деп еске алады А.Подопригора.
1946 жылы Александр Подрпригора 1946 жылы демобилизацияланып, Қазақстанға Ақмола облысына қайтарылады. Ол сол жерде алтын өндіру бойынша «Даниловка» кен орнының шахтасында істеді. Сол жылы үйленеді. Даниловка ауылында кешкі мектепті бітіріп, сырттай Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1951 жылы тәмәмдайды. Институтты бітіргеннен кейін Степняк қаласына көшіп, «ТрестҚазАлтында» аға инженер болып істейді. Кейін «СовНарХоз»-ға ауыстырылады. Қайта құрудан кейін Совнархоз «ТрестЦелинЭнергоға» ауыстырылды. Сол жерде ол зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеді.
"Жастарға тілерім, жетістіктерге жете беріңіздер. Еліміз қуатты болып, біз алаңсыз өмір сүруіміз үшін еңбектену керек. Біз үйімізде бейбітшілік болсын деп соғысқа аттандық. Сіздердің міндеттеріңіз - біздің жасағанымызды сақтап, көбейту. Қазір де қиындықтар аз емес. Көптеген дағдарыстар басталып кетті. Алайда біз қиындықтарға үйренгенбіз. Бәрін де жеңеміз. Жастар әрқашан тың идеялардың жаршысы болулары керек. Ал біз, ардагерлер, әрқашан сіздерге ақыл-кеңесімізді беруге дайынбыз. Қазір, міне, біздің басты мерекеміз - Жеңіс күнін атап өтуге дайындалып жатырмыз. Тіпті мерекелік жейдемізді де дайындадық. Бұл күні біз меркеге сай киінуіміз керек. Бүкіл елдің назары бізде болады. Құдай қаласа, келесі жылы да Ұлы Жеңістің кезекті мерейтойын бәріміз бірге тойлайтын боламыз», - дейді ардагер.