19:08, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальдің дәрігерлері «Нұр Отанның» қатарын толықтырды
АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальдің 5 дәрігері ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» ХДП-ға мүшелікке өтті.

Бұл госпитальдің іргесі өткен ғасырдың қырқыншы жылдары қаланған болатын. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Ауған соғысына қатысушылар, Чернобль АЭС апатын жоюға қатысушылар мен Семей ядролық сынақ полигонының зардабын тартқандар ем-дом алатын денсаулық сақтау мекемесінде жылына 2500 мыңға жуық адам емделеді. Қазіргі таңда онда жұмыс жасайтын 210 адамның 63 пайызы «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері болып саналады.