Уран қоры мен сұраныстың арасында алшақтық көп - «Қазатомөнеркәсіп» президенті

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі уран қоры мен сұраныстың арасында алшақтық көп. Оны «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ президенті Мұхтар Жәкішев кеше Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мұхтар Еркінұлының айтуынша, уранның ағымдағы бағасы өте төмен. Қазір әлемде уран өндірісіне қатысты жобалардың бәрі тоқтап тұр. Өйткені 1 фунт уранның бағасы бүгінгі таңда 44 доллар. Оның нарықтағы бағасы 90 доллар болған кезде ғана Африка мен Австралиядағы жаңа кен көздерінің рентабелділігі артады. «Егер уран бағасы көтерілмейтін болса, әлемнің өзге елдеріндегі компаниялардың жаңа кен көздерін игеруге қатысты жобалары дамымайды. Көптеген елдердің атом электр стансасын салу туралы жобалары ресурстармен қамтамасыз етілмегендіктен тоқтайды. Жалпы, кен көзін барлап оны игерудің бұған дейін қалыптасқан тарихи уақыт аралығы 25 жылды құрайды. Ал қазіргі уран қоры мен оған сұранысты салыстырсаңыз, ол 25 жылға жетпейді. Сондықтан жаңа кен көздерін іздестіру керек. Әлемдік атом энергетикасы қазірдің өзінде бұл істе 6 жылға артта қалып қойды», дейді Мұхтар Жәкішев. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының атом энергетикасы саласындағы бәсекелестікке мүдделі екенін білдірген оның пайымдауынша, Қазақстан уран өндірісінің жылдық көлемін 27 мың тоннаға дейін ұлғайтқанмен, ол әлемдік нарықтағы сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне, ұлттық компания өнімді тек ұзақ мерзімдік келісім-шарт бойынша сату стратегиясын алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Мәселен, қазірдің өзінде келесі жылы өндірілетін өнімге сұраныстар қабылданып, келісім-шарттар жасалып жатыр.
Соңғы жаңалықтар