Үрімшідегі тәртіпсіздікке қатысқан бес адам өлім жазасына кесілді

АСТАНА.  Желтоқсанның  24-і. ҚазАқпарат -  Қытайда  маусым айында  Шынжаң  провинциясында орын  алған  тәртіпсіздіктерге   қатысқаны үшін   бес  адам  сот үкімімен   өлім жазасына кесілді.
None
None

Бұл   туралы ВВС  телекомпаниясының Орыс қызметі  хабарлады.

200-ге жуық  қаза тапқан   және  1,6 мыңнан  астам  жараланған  Шынжаңдағы   тәртіпсіздіктер  туралы іс  бойынша бұған дейін    17  адам өлім жазасына кесілген     болатын.

Шынжаңның  орталығы   Үрімшіде   орын алып, соңы   тәртіпсіздікке ұласқан  бұқаралық наразылықтар    Қытайдың   Гуандун  провинциясындағы  ойыншықтар  фабрикасындағы  болған   оқиғалардың   салдарынан    туындаған еді.

Соңғы жаңалықтар