Ұрланған шетел көлігінің иесі оқиғаны естіп, дәмханадағы қыдырысын үзген жоқ
ҚОСТАНАЙ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық ІІД жол полицейлері «ізін суытпай» көлік ұрлығын ашты.
ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 8 қазанға қараған түні дәмханалардың бірінің қасынан күміс түстес «БМВ» көлігінің ұрланғаны туралы хабар түсті.
Полицейлер «Тосқауыл» жоспарын жариялап үлгермей жатып, көлік ұрлаушы апатқа ұшырады. Көше қиылыстарының бірінде оның көлігі «Фольксваген» көлігіне соқтығысты. Көлікті көрші аулаға тастаған ұры оқиға орнын тастап, ізін суытты. Жол полицейлері ұрланған көлікті бірнеше минуттан кейін тапты. Көліктің иесі көлік ұрлығы туралы хабар естігеннен кейін, көлікті алып кету үшін дәмханадағы қыдырысын үзген жоқ.