00:44, 17 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Ұры 20 мың доллар тұратын гауһар тасты сақинаны жұтып қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Брайтон қаласындағы зергерлік дүкенге ұрылар түсті.
22 жастағы Райханур Чудухри сыбайластары сатушыны алдандырып тұрған сәтінде дүкеннің сөресінде тұрған 18 каратты гауһар тасты сақинаны жұтып жіберген. Дүкеннің қызметкерлері бұны байқап қалып, полиция шақыртады. Дүкенде орнатылған бейнебақылауда жігіттің қолындағы затты аузына апарғаны анық жазылған.
Тәртіп сақшылары ұрыны дәретханаға бірнеше сағатқа қамап та қойған, алайда ол жүзікті қайтармады. Сондай-ақ полицейлер ұрыны рентгенге түсіру кезінде оның асқазанынан ешқандай жүзік көрінбеді. Ал зергерлік дүкенінің сатушысы жүзік ұрының асқазанында екеніне күмән келтірмей отыр. Аталған іс бойынша сот тыңдалымы 17 желтоқсан күні өтеді, деп жазады шетелдік БАҚ.