Үржар ауданында шыққан өрттен ұсақ мал қырылып қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс өңірдегі Үржар ауданында Мақаншы ауылдық округінің шаруа қожалығында болған өрттен қашада тұрған 230 бас ұсақ қара мал және 2 жылқы қырылып қалды.
None
None

ШҚО ТЖД атап өткендей, қой қорасының қамысты шатырына найзағай түсіп, салдарынан шатырмен бірге шопанның үйін шарпыған тілсіз жау 300 шаршы метр аумаққа тараған. Ал қорада мыңнан астам қой болған. Ұсақ қара малды өрттің жалмауынан екі адам құтқарып қалды. Олар малдың біраз бөлігін қауіпсіз жерге жеткізіп үлгерді.

ТЖД хабарлағандай, оқиға орнына өрт сөндірушілер шақыртылмады.

Соңғы жаңалықтар