13:32, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үржар тұрғындары ауданның проблемаларын әкіммен бірлесіп шешеді
СЕМЕЙ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы елді мекендердің тұрғындары аудан әкімі Бауыржан Жанақовпен кездесуде 111 ұсыныс жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрғындар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы проблемаларды, елді мекендерге газ тарту және ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй және жер қатынастары, жолдарды жөндеу сияқты мәселелерді шешуді мақсат етіп отыр. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2008 жылдағы жетістіктері туралы әкімнің есебін Үржар тұрғындары қанағаттанарлықпен қабылдады.