Үржарлық оқушы Испанияда өткен «Интеллектуалды марафоннан» олжалы оралды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Испанияда өткен 22-ші халықаралық «Интеллектуалды марафон» олимпиадасынан жүлдемен оралған үржарлық Жанерке Күншаева 9-сыныпта оқиды.

Үржарлық оқушы Испанияда өткен «Интеллектуалды марафоннан» олжалы оралды

ШҚО Үржар ауданындағы Б.Тұрлыханов атындағы орта мектепте білім алатын Жанерке олимпиадаға физика және математика пәндері бойынша қатысқан болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

«Бұл өте қиын сайыс болды. Дегенмен мұғалімдерімнің берген білімі мен жерлестерімнің артқан сенімі мені ерекше жігерлендіріп, жүлделі 3-орынның биігінен көріне білдім», - дейд алғыр оқушы.

Озат оқуымен, ерекше талабымен танылып жүрген балауса қыздың ендігі арманы - өзі таңдаған жоғары оқу орнында оқып, математика мен физика саласының білгірі болу.