Усама бен Ладен американдық ұшақтың бортында жүзеге аспай қалған лаңкестік үшін жауапкершілікті өз мойнына алды
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Катарлық «Әл-Жәзира» телеарнасы Усама бен Ладеннің кезекті мәлімдемесінің аудиожазбасын жария етті.
Бұл жолы Усама бен Ладен өткен жылдың соңында американдық ұшақтың бортында жүзеге аспай қалған лаңкестік үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Желтоқсанның 25-інде Амстердамнан Детройтқа бара жатқан американдық "Нортуэст" компаниясының ұшағының бортында жүзеге аспай қалған лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті бұған дейін Йемен аумағында орналасқан «Араб түбегіндегі Әл-Кайеда» тобы өз мойнына алған болатын.
Сол күні, григориан күнтізбесі бойынша Рождество мерекесі күні, 23 жастағы нигериялық Омар Фарук Абдул Муталлаб, ұшақтың жерге қонуына 1 сағат қалғанда жарылғыш құрылғыны іске қоспақ болған еді. Бірақ ол жолаушылар мен экипаж мүшелерінің күшімен залалсыздандырған болатын.