08:31, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Усама бен Ладен бұрынғысынша Ауғанстан аумағында бой тасалап жүр - Вашингтон
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - «Әл-Кайеда» халықаралық лаңкестік ұйымының жетекшісі Усама бен Ладен тек Пәкістанның аумағында ғана емес, бұрынғысынша Ауғанстанның аумағында да бой тасалап жүр. Бұл туралы АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джеймс Джонс мәлім етті,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Американ барлауының соңғы мәліметтеріне сәйкес, бен Ладен Пәкістанда жасырынып жүр. Генерал Джонс CNN телекомпаниясына берген сұхбатында, «Әл-Кайеда» жетекшісінің, нақтырақ айтқанда, екі мемлекеттің дәл орталығындағы «Солтүстік Уәзірстанда» бой тасалап, бірде -ауған жағына, тағы бірде - пәкістан жағына өтіп жүргенін атап көрсетті. Құрама Штаттар мен олардың Ауғанстандағы одақтастары «бен Ладенді ұстауға немесе оның көзін жоюға қол жеткізулері керек», деді генерал Джонс.