Усама бен Ладен кезекті мәлімдемесінде долларға бойкот жариялауға үндеді - «Әл-Жәзира»
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Катардың «Әл-Жәзира» телеарнасы жұма күні бен Ладеннің кезекті аудиомәлімдемесін жариялады,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Әл-Кайеда» халықаралық лаңкестік желісінің басшысы кезекті мәлімдемесінде, «құлшылықты» жою үшін, американ долларына бойкот жариялауға үндеді.
№1 лаңкес сондай-ақ, әлемде орын алып жатқан климаттық өзгерістер үшін өнеркәсібі дамыған елдердің айыпты екенін мәлім етті.