Үш бірдей адамға ажал құштырған жүргізуші 7 жылға сотталды - БҚО

ОРАЛ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Тасқала аудандық сотының үкімімен көлікті мас күйінде айдап, үш бірдей адамға, соның ішінде екі сәбиге ажал құштырған жүргізуші ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы жылдың алғашқы күні сағат 19-00 шамасында Орал-Тасқала тас жолының 65-шақырымында «Volkswaden Раssаt» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде рульге ие бола алмай, жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бетте келе жатқан «ВАЗ-2105» көлігімен түйіскен.

Жол апатының салдарынан «ВАЗ-2105» маркалы автокөлігінің жолаушылары - жиырма алты жасар келіншек және оның алты айлық сәбиі оқиға болған жерде қайтыс болып, жүргізуші әр түрлі дене жарақаттарымен ауданның орталық ауруханасына жеткізілген. Сонымен бірге «Volkswaden Раssаt» автокөлігіндегі үш жасар сәби аудандық ауруханада көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар