Үш дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт Ямайканың елшісі болды
АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат - 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден үш дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің ең үздік желаяғы ямайкалық Усейн Болт өз елінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі атанды.
Бұл туралы «Спорт-экспресс» басылымы жазып отыр.
Бұл атақты оған арнайы салтанатты рәсімде Ямайканың премьер-министрі Брюс Голдинг берді. 23 жастағы Болт өз елінде осынау атаққа ие болған ең жас азамат атанып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен айда оған Ямайка ордені табыс етіліп, елдегі жолдардың біріне есімі берілген болатын.