22:11, 01 Маусым 2014 | GMT +5
                                        Үш дүркін олимпиада чемпионы яхташы Валентин Манкин өмірден озды
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Даңқты яхташы Валентин Манкин 76 жасында өмірден озды, деп жазады Газета.Ru.
                                        
                                        
                                     
                                              Манкин - «Финн», «Темпест» және «Звездный» сынды сайыстың үш түрі бойынша алтын алқалаған әлемдегі жалғыз спортшы.
КСРО құрамасы сапында ол әлем және Еуропа біріншіліктерінде талай рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ, ол КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері және жаттықтырушы болған.