Үш мыңнан астам талдықорғандық демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясын құруға қолдау көрсетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Талдықорғанның Спорт сарайында демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясын құруға қолдау көрсетуге арналған акция болып өтті.

Үш мыңнан астам талдықорғандық демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясын құруға қолдау көрсетті

Құрамында 71 этно-мәдени орталық, 177 үкіметтік емес және 12 түрлі бағыттағы кәсіподақ ұйымдарының, 46 жастар бірлестіктерінің және екі мыңнан астам шаруа қожалықтарының өкілдері бар Жетісу өлкесінің саяси және қоғамдық күштері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы бастама шеңберінде демократиялық күштер коалициясына бірігуге өз ниеттерін білдіріп, осы арқылы Ұлт көшбасшысының өкілеттілік мерзімін ұзарту жөніндегі барлық қазақстандық халықтың, барлық азаматтық қоғамның ұйымдасқан қолдауын көрсетті.

Барлық баяндамашылар Президент саясатына, оның өкілеттілік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы бастамашыл топтың идеясына ыстық қолдау көрсетті. Баяндамалардың ұраны «Біз өзіміздің Президентімізбен бірге жаңа, одан да күшті Қазақстан құрамыз» болды.