Үш мыңнан астам жамбылдық жаңа үлгідегі төлқұжат алды
ТАРАЗ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 3,4 мың жамбылдық электрондық мәліметтер жазылған жаңа төлқұжат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әділет департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.Департамент бастығы Темірхан Ағайдаровтың айтуынша, құны төрт айлық есептік көрсеткіш тұратын жаңа төлқұжат халықаралық талаптарға сәйкес келеді, онда құжаттың иесі туралы толық ақпарат бар, болашақта оның бойы, көзінің түсі, қан құрамы сияқты және басқа да мәліметтермен толыға түспек. Ал заңға сәйкес бұрынғы төлқұжаттың күші көрсетілген мерзіміне дейін жарамды болады.