Үш облыс аумағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қардың қалың түсуі мен боранға байланысты Павлодар облысы аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш облыс  аумағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметінше, бүгін сағат 10:00-ден бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-266 шақырымында елорда мен Шідерті аралығында жол жабылды.

Сонымен қатар, сағат 10:30-дан бері Көкшетаумен Атбасар аралығында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға шектеу енгізілді.

Мұнымен қоса, «Көкшетау-Омбы» жолының 2-50 шақырымындағы Көкшетау мен Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейінгі учаске жабылды.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін таңертең Боранға байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы жолдар жабылды.

«Екатеринбор-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта «Астана-Петропавл» автожолындағы елорда мен Көкшетауға дейінгі учаске де жабық тұр. Көкшетау мен Петропавл аралығында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.