Үш облыста көлік қозғалысына шектеу алынып тасталды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін 10:40-тағы жағдай бойынша Жамбыл облысында Алматы - Ташкент - Термез автожолының Айша бибі кенті - Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы (536-593 км) учаскесінде шектеу алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сағат 10:43-тегі жағдай бойынша Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы автожолының Балхаш - Сарышаған (1858-1922 км) учаскесінде шектеу алынып тасталды.
10:52-дегі жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында Алматы - Ташкент автожолының Ақбиік - Жібек жолы (611-658 км) учаскесінде шектеу алынып тасталды.