Үш облыста жол қозғалысына шектеу алынды, ШҚО-да әлі де жол жабық - «Қазақавтожол»

Ақмола облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.
Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.
Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.
Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты кеше сағат 12.00-ден бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекара" а/ж 105-191 шақырымы, Риддер-РФ шекара аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
"Омбы-Майқапшағай" а/ж 587-733 шақырымы, Павлодар обл.шекара-Семей қ. аралығында жол қозғалысына шектеу алынды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.