18:22, 19 Қазан 2015 | GMT +5
Үш жамбылдық ОҚО-да 5,5 келі героин сатпақ болған
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің қонақ үйлерінің бірінде жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде аса ірі көлемдегі героин сатпақ болған күдіктілер қолға түсті.

ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысында тұратын 1987 жылғы Қырғызстан азаматын ұстады. Полицейлер ер адамнан героинге ұқсас заты бар үш ораманы тәркіледі.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-алдын алу шарасын жалғастырған полицейлер күдіктінің екі сыбайласын қолға түсірді. Олар 1965 және 1988 жылдары туған Жамбыл облысының тұрғындары. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде табылған зат героин екені анықталды. Жалпы салмағы 5,5 кг-нан асады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдіктілер қамауға алынды.