Үш жылдың ішінде елімізде 633 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді
АСТАНА. KAZINFORM — «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 нысанның 508-і аяқталды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ведомство деректеріне сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде 633 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын және Алматыдағы Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығын қоса алғанда, ірі нысандар бар.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 нысанның 508-і аяқталды.
— Биылғы жылдың 5 айында ДСМ 104,6 млрд теңге инвестиция тартты, оның ішінде 40 млрд теңге — жеке инвестиция. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық, бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қаражат табысты тартылғанын айғақтайды, — делінген министрлік хабарламасында.
Осыған дейін Қазақстанда қызылша мен көкжөтелге шалдығу көрсеткіштері 6,8 есе төмендегенін жаздық.