Үш жүз африкандық Испания шекарасын кесіп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 300 босқын-африкандық шекара қоршауын асып өтіп, Испанияға қарасты Сеута автономиялық қаласының аумағына келген. Бұл туралы Ruptly хабарлады. 
None
None

Агенттіктің дерегі бойынша, олардың көпшілігі қалада бытыраңқы орналасып, ЕО аумағына келгендерін тойлай бастаған. 17 ақпан күні Испанияның шекарасын осылайша 500-ге жуық босқын кесіп өткен.

Саута - Морокконың солтүстік жағалауында орналасқан Испанияның жартылай анклавы, деп хабарлайды lenta.ru.

Соңғы жаңалықтар