Үш жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 38,2 пайызға өсті - Жамбыл облысы

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Өңірде 2012 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 38,2 пайызға өсіп, 94 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанынндағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 8 айында 56 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде пайдаланылмай жатқан жерлерді тарту, егіс алқаптарын әртараптандыру, су және ылғал үнемдегіш технологияларды енгізу шаралары қолға алынған»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда су үнемдегіш технология 3000 мың гектарға жуық, ал нөлдік және минималдық технологиялар 23,5 мың гектар алқапқа енгізілген.

Соңғы жаңалықтар