Үш жылдық бюджетте әлеуметтік салаға қарастырылған қаржы әрбір тиынына дейін төленетін болады - Премьер-Министр

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қандай қиыншылықтар болмасын 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетте әлеуметтік салаға қарастырылған қаржы әрбір тиынына дейін төленетін болады.Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үшжылдық бюджетте әлеуметтік салаға теңдессіз қаражат қарастырылып отыр. Қандай қиыншылықтар, қандай әлемдік дағдарыс болмасын үшжылдық бюджетте әлеуметтік мәселелерге арналған қаражат әрбір тиынына дейін төленетін болады. Бұл халықты жұмыспен қамтумен қатар тұрған басты мәселе», деді алқада Премьер-Министр. Үкімет басшысы мемлекет, жеке бизнес, меншік иелері, жұмыскерлер дағдарыс кезеңін, 2009 жылды бірлесіп, жұмылған жұдырық болып өтуі тиістігін қадап айтты. «Қазір жағдайды саясиландыратын кезең емес, қазір бәріміз иық тірестіріп қимылдайтын, қиыншылықтарды еңсеретін кезең. Бұдан өткесін постдағдарыстық кезең басталады. Бізде алдыға жылжитын жаңа мүмкіншіліктер пайда болады», деді өз сөзінде К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар