Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұшақ бортында полицейді балағаттаған әйел сотталды

АСТАНА.KAZINFORM – Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін тілдегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды.

сотталды, қылмыс
Фото: ҚР ІІМ

Осы жылдың наурыз айында мас күйде болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды.

Прокуратура ескертеді: билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауаптылық көзделген.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Петропавлда мектепке жарылғыш зат қойылды деп «әзілдеген» жасөспірім сотталды.