Ұшақ штурвалында ? Әйгерім Молдашева

ТАРАЗ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ –Жамбылдық «Фортуна» авиакомпаниясында Әйгерім Молдашева есімді жаңа ұшқыш пайда болды,

Ұшақ штурвалында ? Әйгерім Молдашева
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жергілікті әуе желісінің тәжірибесінде ұшақтың штурвалына сыртқы кейпі топ-модель болуға лайықты 22 жасар қыз отырды.Әйгерім Молдашева 12 жасынан бастап «Тараз жастар авиация орталығы» қоғамдық бірлестігінде оқудан өтті. Оның директоры Анатолий Кисильдің басшылығымен өзінің алғашқы парапландық ұшуын және парашютпен секіруін жүзеге асырды. Одан кейін Азаматтық авиация академиясына сол кездегі жалғыз ғана грант бойынша түсті және «авиация ұшқышы» мамандығы бойынша академияны үздік бітірді. «Өмірдегі ең басты қасиет ? жауапкершілік деп есептеймін, ? дейді Ә.Молдашева. ? Өзің үшін, өз тағдырың үшін, жақындарың үшін, Отаның үшін, өз ісің үшін жауапкершілік. Өмірде қыруар шаруа тындырғың келеді. Біздің еліміздің болашағы орасан зор. Біздің жастарымыздың алдында үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр».