«Үшарал-Достық» тас жолында қар құрсауынан 3 көлік пен 9 адам құтқарылды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Үшарал-Достық» тас жолының учаскесінде қар құрсауынан 3 көлік пен 9 адам құтқарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
None
None

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Алматы облысында 7 желтоқсан күні Алакөл ауданында, «Үшарал - Достық» тас жолының «Ырғайты» учаскесінде қар құрсауында 3 көлік пен 9 адам қалып қойды.

ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД күшімен (6 адам мен 2 техника) адамдар мен көліктер жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар