05:44, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Үшінші қабаттан құлаған қызды ТЖМ ұшағы Қытайдан Ресейге жеткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ТЖМ арнайы медициналық Ан-148 ұшағы Қытайдың Яньтай қаласында үшінші қабаттан құлап, ес-түссіз жатқан ресейлік қызды алып келеді.
Бұл туралы Ресей ТЖМ хабарлады. Қайғылы оқиға 9 шілдеде болған. Қыз бала Яньтай қаласында (Шаньдун провинциясы) абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақаттанған бүлдіршінге бірнеше рет ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы аса ауыр және ес-түссіз жатыр. Ұшу барысында оның ата-анасының жанында ТЖМ Шұғыл психологиялық көмек орталығының психологтары болады. Қызды Читадағы Өлкелік балалар ауруханасына жеткізу жоспарланып отыр.