Үшінші жаңғыру арқылы жаңа прагматикалық сипаттағы деңгейге қол жеткізбекпіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы ширек ғасырда биік белестерді бағындырып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Алдымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік саясат ендігі кезекте елдің рухын жаңғыртуға бағыт түзеді. Бұқараға жаққан бұл ізгі бастаманы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан айқын түйсінуге болады. «Санамыздың ізімізден озып жүруін» пайымдап, «ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуын» белгілеп берген Нұрсұлтан Әбішұлы ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың жолын көрсетіп отыр. Ендеше, бұл бағдар «мен» деген әр отандасымызға таудай жауапкершілік жүктейді
None
None

Елбасының «ұлттық код» ұғымын тілге тиек етуі осынау жауапты кезеңде көп мән-жайды аңғартады. Ұлттық кодтың қалыптасуы айналып келгенде «Мәңгілік Ел» болу мақсатының маңызды бөлшегі екені анық. Бай және бақуатты, айбынды әрі сән-салтанаты жарасқан мемлекет болу қаншалықты маңызды болғанымен, ұлттық ынтымақтың іргесі бекімей ілгері қадам басу мүмкін емес. Елбасының «ұлттық салт-дәстүрді өркендеудің берік діңгегі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын қалауы» ортақ мүдденің пісіп-жетілгенін білдіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымыздың бәсекеге қабілетті болуын бұл жолғы бағдарламалық мақаласында ерекше атап өтті. Мейлі, мұғалім немесе тәртіп сақшысы болсын, мейлі дәрігер болсын өз ортасының кәсіби маманы болса, елдің де еңсесі еңкіш тартпайды. «Алдымен сананың ойын сараптап, ұлттық рухты қабілеттілікке, бәсекелестікке ұштастыра білудің маңызы зор.  «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» деді Елбасы.

Елбасының салиқалы ойы, әрбір пайымды пікірі тарихқа деген көзқарасты түзетуге, ұлттық бірегейлікті сақтауға, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге бағамды бағдар. «Бізге тарих жайлы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ», деуі шешімді пікір.  Жалпы азамат тарихына үңілсек, әлемдегі озық өркениеттер ұлттық сипаттан бастау алғандығын білеміз.

Үшінші жаңғыру арқылы біз әлемге еліміздің жаңаша бет-бейнесін танытып, өткен дәуірден қалған таптаурын қағидаларды өзгертіп, орындалмайтын «елес идеологиялардан» бойды аулақ ұстауға, жаңа прагматикалық сипаттағы деңгейге қол жеткізбекпіз. Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жаңғыруы байыпты қалыпта, уақыт талабын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Эволюциялық жолмен жаңғыру қазақстандық азаматтың басты бағдарына айналмақ. Олай деуімізге себеп әлемдегі түрлі революциялардың ешқашан оңтайлы нәтиже әкелмегенін білеміз. Осыған орай рухани жаңғыруда қойылып отырған межелі мәселенің бірі - «сананың ашықтығы».

Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашып, әлемдік озық тәжірибелер мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік әпермек.  Сонымен қатар, мәдениетіміздің озық үлгілері әлемдік деңгейде кеңінен танылып, дүниежүзіндегі бәсекеге қабілеттілігі халықаралық деңгейге сай болуы қажет. Осы бағытта Елбасы рухани жаңғыруды жүзеге асыруда әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасын іске асырудың межелі міндетін қойып отыр. Мәдениетті жасайтын халық болғандықтан, осы идеяның аясында замандастарымыздың жетістіктерін көрсетуге бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қолға алынбақ. Осы ретте тәуелсіздіктің іргетасын қалауға сүбелі үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларымызды елге танытатын жаңа бастама болмақ.

Туған жерінен тамыр тартқан әр адам баласы кіндік қаны тамған жері, туған елін іңкәрлікпен құштарлана сүюі арқылы ел мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысуда шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі болмақ. Осы орайда, ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы бейбітшіліктің қара шаңырағына айналып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар