Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

АСТАНА.KAZINFORM — Қазірге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен қолғап түйістіретіні белгілі. Осы жекпе-жекті қашан және қайдан көруге болатыны белгілі болды. 

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: sports.kz

Үшінші әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Qazaqstan және Qazsport телеарналары Алимханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші осы арналарда таңғы 6:00-де басталады.

Еске сала кетейік, отандасымыз Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді. 

Соңғы жаңалықтар