Үштөбе қаласында жекеменшік тұрғын үйде болған өрттен кейін ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Үштөбе қаласында жекеменшік тұрғын үйде болған өрттен кейін ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Кеше, сәрсенбі күні Үштөбе қаласында Комсомольская, 2 көшесіндегі жекеменшік тұрғын үй өртенді. Жалын шарпыған аумақ 0,5 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 1928 жылғы зейнеткердің және 48 жастағы әйелдің мәйіттері табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Атырау қаласының шет аймағында, Жұмыскер кентінде Ракушинская, 5/2 мекен жайында орналасқан қора өртенді. Жалын 32 шаршы метр аумаққа тарады. Оны ауыздықтау кезінде 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар