Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үсік, шаңды дауыл, найзағай: Еліміздің 15 өңірінде күн бұзылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үсік, шаңды дауыл, найзағай: Еліміздің 15 өңірінде күн бұзылады

Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің қарқыны ооблыстың орталығында 15-20 м/с жетеді.

1 мамыр түнде және таңертеңҚостанай облысыныңшығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстіктен жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с шамасында.

Түнде Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

1 мамыр күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқыладйды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші - 15-20, күндіз екпіні - 25 м/с.

Шымкент қаласындакүндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 23 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысындасолтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

1 мамыр түнде және таңертең Қарағанды облысыныңсолтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, орталықта, облыстың таулы аудандарында қарқыны - 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында - 24-29 м/с.

Маңғыстау облысыныңтүнде батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні - 18-23 м/с.

Алматы қаласынданайзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15 м/с.