Үсік пен жаңбыр аралас қар: 17 қыркүйекте ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM — 17 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада 17 қыркүйекте өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың шығысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысы мен орталығында, күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың батысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен орталығында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, оңтүстігінде ол сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз де жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыдан бұрын Шығыс Қазақстанда күздің алғашқы айында ауа райы құбылмалы болатынын жазғанбыз.