Успен ауданының тұрғындары ҚР Президентінің өкілеттілігін ұзарту үшін референдумның өткізілуін қолдайды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен аптаның соңында Успен ауданында (Павлодар облысы) жалпыазаматтық форум болып өтті, деп мәлім етті «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Жиынды ашқан облыстық мәслихаттың депутаты, «Галицкое» ЖШС-ның басшысы Александр Касицин ҚР Президентінің қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы, елдің алдағы дамуындағы ерекше рөлі туралы айтып берді.
Партия, кәсіподақ пен ардагерлері ұйымының, этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ортаның өкілдері, сонымен қатар кәсіпкерлер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумның өтуіне бірауыздан қолдау көрсететінін мәлім етті.