Үстел теннисінен АЧ: Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер командасы астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында финалдық сегіздікке жолдама алды.

Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы Сауд арабияны ойсырата жеңді
Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы Сауд арабиясымен бірінші дивизиондағы финалдық сегіздікті өзара сарапқа салды.

Алғашқы сайыста қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко Сауд арабиялық қарсыласы Әлім Аззамды 3:2 есебімен жеңді.

Ал екінші болып өнер көрсеткен Алан Құрманғалиев Токио олимпиадасының қатысушысы Әли Әл-Хадрауиды 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Шешуші матчта Айдос Кенжеғұлов қарсыласы Найф әл-Жадиды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы сегіз мықты командалар қатарына жолдама алды.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы бірінші дивизиондағы алғашқы сайысында Таиландты 3:1 есебімен жеңген болатын.

Еске сала кетсек, үстел теннисінен Азия чемпионаты 7 қазан күні астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында жалауын көтерді. Турнирде 26 елден келген 210 спортшы бақ сынап жатыр

Қазақстан құрамасының ойыншылары: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт, Ангелина Романовская.

Соңғы жаңалықтар