12:25, 08 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Үстел теннисінен Астанадағы мықтылар турнирі мәресіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада үстел теннисінен Қазақстанның ең мықты спортшылары бас қосқан турнир аяқталды.
Жарысқа ұлттық рейтингіде жоғары тұрған 12 ер және 12 әйел спортшы қатысты.
Жеңіс тұғырының биік сатысына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан ұлттық құрамасының үстел теннисшілері Айдос Кенжіғұлов пен Зәуреш Ақашева көтерілді.
Ерлер
1-орын – Айдос Кенжіғұлов (Алматы)
2-орын – Санжар Жұбанов (Алматы)
3-орын – Ырысбек Артукметов (Шымкент)
Әйелдер
1-орын – Зәуреш Ақашева (Қарағанды)
2-орын – Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
3-орын – Әнел Бақыт (Алматы)
Еске сала кетейік, осыған дейін Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Польшадағы турнирде қола алғанын хабарлаған едік.