Үстел теннисінен қазақстандық төреші 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жоғары санатты халықаралық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия ойындарында үстел теннисінен өтетін кездесулерде төрелік етеді. 

Үстел теннисінен қазақстандық төреші 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық маманның төрешілер құрамына енгені туралы Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қазақстан үстел теннисі федерациясына ресми түрде хабарлаған.

Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында қызмет атқарады. 

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов Германиядағы жарысты сәтті бастады. 

Соңғы жаңалықтар